Тұсау кесу дәстүрі: рәсімді қалай өткізеді

Stan.kz қазақтың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерінің бірі тұсау кесу дәстүрі туралы мәлімет ұсынады.


Қазақ халқында балаға қатысты наным-сенімдер өте көп. Қазақтар балаға, әсіресе бала тәрбиесіне көп көңіл бөлген халық. Жалпы бала дүниеге келгеннен бастап, есейген шағына дейін 20 шақты әдет-ғұрып жасалады. Қазақ халқы секілді баланы ерекше қадірлеп, көңіл бөлетін халық жоқ десек те артық болмас. Біздің халық сәби дүниеге келгенде Шілдехана жасау, 40 күн толғанда Қырқынан шығару, ат қою, бесікке бөлеу және тұсау кесу секілді ғұрыптарды әлі күнге орындап келеді. Бүгінде сіздерге сол балаға қатысты дәстүрлердің бірі тұсау кесу туралы баяндайтын боламыз.

Тұсаукесер – сәби бесіктен шығып, еңбектеуден өткен соң, қаз тұрып, тәй-тәй басқанда жасалатын дәстүр. Бала екі табанымен тұрып, алғашқы қадам жасауға талпына бастаған сәтте дана қазақ “баламыз тез жүріп кетсін” деген ниетпен, сәбидің тұсауын кестіріп, думандатын той жасайды.

Ырымшыл қазақ тұсауы кесілмеген бала сүріншек, болашақта жығылғыш болады деп пайымдайды. Ал тұсауы кесілген бала біреудің ала жібін аттамайтын адал, жолы ашық азамат болады деп санаған. Сондықтан, қаз тұрып, тәй-тәй басып келе жатқан баланың тұсауын кесу бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқан ескі дәстүр. Тіпті, бұл күнге орай кішігім думанды той жасалады.

Дана қазақ баланың тұсауын ала жіппен, малдың тоқ ішегімен және көк шөппен кестірген. Ала жіппен – бала ешкімнің ала жібін аттамасын, ақ пен қараны ажырата алатын, адал азамат болсын деген ниетпен кеседі. Ал малдың тоқ ішегімен кесу себебі, бала бай, дәулетті азамат болсын деп ырымдауында. Сондай-ақ, бала шөптей қаулап өссін, шөп сияқты көгеріп, көбейіп, көктесін, ұрпақты болсын деп ырымдап, тұсауын көк шөппен кеседі.

Бір қызығы, қазақ халқы баланың тұсауын жәйбасар, сүріншек адамдарға кестірмейді екен. Баланың тұсауын жиналған көпшілік арасынан шаруаға икемді, елгезек, қимылы ширақ, іске епті қасиеттерімен көзге түсетін қағылез, пысық адам таңдалып алынып, соған кестіреді. Болашақта бала сол адам секілді үлгі тұтарлық азамат болсын деген ниетпен пысық адам таңдайды.


Кейде баланың ата-анасы тұсау кесуші адамды ырымдан өздері таңдап жатады. Көбіне баланың тұсауын көп балалы салиқалы анаға немесе абыройы асқан ақ жаулықты әжеге кестіреді. Сонымен қатар, тұсау кесетін адам тұсау кесу дәстүрінің негізгі жабдықтарына кітерін 1,5 метрдей ала жіп мен пышақты өзімен бірге алып кетуі тиіс.

Тұсау кесуші әже немесе әйел тәй-тәй басқан баланың аяғына ала жіп байлап жатып:

Қаз-қаз, балам, қаз, балам, Қадам бассаң мәз болам. Күрмеуіңді шешейін, Тұсауыңды кесейін. Қаз-қаз, балам, қаз, балам, Тақымыңды жаз, балам, Қадамыңды қарайық, Басқаныңды санайық. Қаз-қаз,балам, жүре гой, Балтырыңды түре ғой. Тай-құлын боп шаба ғой, Озып бәйге ала ғой. Қаз баса ғой, қарағым, Құтты болсын қадамың. Өмірге аяқ баса бер, Асулардан аса бер. Жүгіре қойшы құлыным, Желбіресін тұлымың, Елгезек бол, ерінбе. Ілгері бас, шегінбе,- деп өлеңдете отырып, тұсауын пышақпен кеседі.

Содан кейін тұсауы кесілген баланы жайылған ақ матамен немесе кілеммен қолынан жетектеп жүгіртіп, шашу шашады. Ал баланың ата-анасы тұсау кесушіге кәдесін табыстап, арнайы «тұсау кесер» сыйлығын береді. Кейбір жерлерде кілемнің үстіне кітап, қамшы, аспап секілді түрлі заттар қойып, балаға таңдатады. Бала қайсысын таңдаса, сол салаға бет бұрады деп есептейді.

Ескере кететін бір жайт, баланың тұсауын қайшымен емес, пышақпен кесу керек. Қазақ халқы қайшылануды жақсы ырымға баламайтындықтан, баланың тұсауын қайшымен кестірмеген. Сол себептен, ата-бабамыз “баланың өмірі қайшыланып қалмасын” деп, тұсауын қайшы емеменс, пышақпен кескен.

Рекомендуем к прочтению

По прибытии из каких стран казахстанцам надо сдавать ПЦР-тест

Накануне главный санврач Казахстана Айжан Есмагамбетова опубликовала новое постановление, согласно которому страны, из которых прибывают пассажиры в Казахстан, разделяются на три категории….

18 августа 2906

Какие полезные привычки стоит перенять у миллионеров


Весь мир стать богатым сразу не может, но научиться каким-то приемам у состоятельных людей для достойной и комфортной жизни вполне можно. Писатель Томас Корли пять лет изучал привычки…

11 августа 11246

TikTok: самые громкие мировые скандалы вокруг платформы

Всемирно известная соцсеть нового поколения TikTok — это танцевальные челленджи, смешные жизненные видео и милые животные. Однако приложение постоянно подвергается критике и даже обвинениям,…

11 августа 7412

Выборы президента: как избирают главу государства в других странах

ZTB.kz предлагает вам узнать, как проходят выборы в других странах.СШААмериканская избирательная система является одной из самых сложных в мире. Выборы происходят в два этапа: сначала…

10 августа 3863

Как наказывают педофилов в разных странах

В последнее время в стране все больше и больше жутких преступлений над несовершеннолетними. Закон о принудительной химической кастрации в Казахстане вступил в силу 1 января 2018 года….

24 июля 11469

Хороший пример: как студентам в Германии помогают деньгами во время пандемии

Весь мир пострадал от пандемии коронавируса и кризиса, который возник из-за длительного во многих странах карантина. Каждое государство старается по-своему выходить из сложных обстоятельств…

23 июля 3708

Коронавирус, Билл Гейтс и вышки 5G — почему возникают теории заговора

Теории заговора вокруг пандемии коронавируса развиваются во всем мире. Чаще всего в появлении вируса обвиняют миллиардера Билла Гейтса, который несколько лет назад прогнозировал подобную…

20 июля 6117

Почему маски не помогли во время испанки, но помогут сейчас?


Сейчас во всем мире бушует пандемия коронавируса, сто лет назад мир охватила пандемия испанского гриппа. По разным оценкам, ее жертвами стали от 17 до 50 миллионов человек. Несмотря…

17 июля 6627

Глава ВОЗ в Казахстане высказалась о «загадочной пневмонии»

Об эпидемиологической ситуации в Казахстане Центру Новостей ООН рассказала глава странового офиса ВОЗ Кэролайн Кларинваль. Она рассказала о «загадочной пневмонии», нехватке медперсонала…

14 июля 9326

ВОЗ назвал четыре сценария распространения коронавируса в мире

Многие страны уже смирились с тем, что коронавирус с нами теперь на долгое время, однако вопросы еще остаются. Глава Всемирной организации здравоохранения (ВОЗ) Тедрос Аданом Гебрейесус…

14 июля 10833

«Я просто в ярости»: истории со всего мира о людях, перенесших коронавирус

Пандемия коронавируса захватила весь мир, и некоторые люди, пережившие болезнь, делятся своими историями, чтобы предостеречь других. С марта корреспондент Vox Луис Паршли интервьюирует…

13 июля 7288

Тәуелсіздік жылдарындағы азалы күндер туралы

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясының салдарынан қара жамылып отырған отандастарымыздың қайғысына ортақтасу үшін 13 шілдені ұлттық аза күні деп жариялады.Аза…

13 июля 4479

На что тратит деньги казахстанский Фонд социального медицинского страхования?

Сотни миллионов тенге на аренду офиса, картины для кабинетов руководителей и ежегодная замена техники — это не полный список того, в чем нуждаются сотрудники Фонда социального медицинского…

9 июля 6359


С этим читают